ТІКЕЛЕЙ ЭФИР «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» (Саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске алу күніне орай жыл сайынғы «Тағзым эстафетасы» акция аясында)

2020 жылдың 29 мамыр күні сағат 14.00- де Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске алу күніне орай жыл сайынғы  «Тағзым эстафетасы» акция аясында «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты тікелей эфир өткізеді.

Іс-шараның мақсаты: жастардың Отанға, елге деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімін арттыру, ұлтжандылық пен адамгершілікке тәрбиелеу; еліміздің рухани және мәдени мұраларын қадірлеуге баулу; тоталитарлық және сталиндік репрессия жылдары жазықсыз жала құрбандары  болып кеткен тарихи тұлғаларды мәңгі есте сақтау мақсатында жастар санасында жаңғырту, ұлт ұлыларына тағзым ете білуге  үйрету.

Бағдарлама     

Сөз сөйлейтіндер:

  1. Дәуешов Еркін Дәуешұлы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Құрмет» орденінің иегері, жайықтанушы (Нұр-Сұлтан қаласы);
  2. Кузнецова Екатерина Борисовна, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының Құрметті журналисті, ҚарЛаг туралы алғаш қалам тербеген жазушы;
  3. Смағұлов Нұртас Бірлікұлы, Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-нің Қазақстан тарихы  және Қазақстан халқы Ассамблеясының аға оқытушысы, докторант. 

Модератор: №134 негізгі мектептің ұстазы Хумарбек Ербұлан Әуезұлы.

Онлайн кездесу  ZOOM  платформасында  өтеді.

Тақырыбы: Тарихтан тағылым – өткенге тағзым.

Уақыты: 29 мамыр 2020 14:00 -де

Zoom конференциясына  қосылыңыздар

https://us04web.zoom.us/j/7614538728?pwd=eEV1QWdQOFNDUTgzTGRIU2FRYlpXQT09

Конференция идентификаторы: 761 453 8728

Пароль: 7eNed5

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.