Облыс әкімі орынбасарының “Bolashaq” академиясына сапары

7 қарашада “Bolashaq” академиясына облыс әкімінің орынбасары Абзал Нүкенұлы Нүкенов жұмыс сапарымен келді.

Академияның мәжіліс залында әкімнің және профессор-оқытушылар құрамының кездесуі өтті.

Қазіргі әлемдегі жоғары білімнің үшінші миссиясының рөлі мен маңызы талқыланды. Жоғары білімнің үшінші миссиясын жүзеге асыруға академияны тарту дәрежесі қарастырылды. Академияның әрбір кафедрасы аудан халқымен қарым-қатынас жасау жолдарын ұсынды: қаржылық, заң, психологиялық кеңестер.

Абзал Нүкенұлы жоғары оқу орындарындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына ерекше назар аударды. “Қарағанды ғылыми мектебін көрсету қажет. Бүкіл әлем “Bolashaq” академиясын білсін . Бұл Қарағанды облысы мен жалпы республиканың имиджі”,- деп түйіндеді облыс әкімінің орынбасары А. Н. Нүкенов.

Абзал Нүкенұлы үшін академия бойынша экскурсия өткізілді. Ол студенттердің оқу сабақтарына, мамандандырылған оқу аудиториялары мен зертханаларына барып, студенттер мен оқытушылардың сұрақтарына жауап берді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.