Ұмытпаймыз. Алғыс білдіреміз.

ОМАРБЕКОВ САҒДАТ

1923-1944

1923 жылы Павлодар облысы (қазіргі ШҚО) Семиярка ауылында дүниеге келген, 1942 жылы 10 қарашада Семияр АӘК-нан әскерге шақырылды, 41537 далалық пошта радисті болып қызмет етті, 1944 жылы 27 қаңтарда Беларусь Республикасы Гомель облысы Демехи ауылында қайтыс болды.

Оның есімі ДЕМЕХИ бекетінің әскери жерлеу ескерткіш тақтасындағы тізімге енгізілген және Беларусь мемлекетінің қорғауына алынған.

9 мамырда Жеңіс күні, 3 шілдеде Беларусьтің Тәуелсіздік күні және 18 қарашада Беларусьті неміс-фашистік басқыншылардан азат ету күні әскери жерлеу рәсіміне гүл шоқтарын қоюмен салтанатты митингілер өткізіледі.

КСРО Президентінің Жарлығымен 1943 жылғы 2 сәуірдегі нөмірі 175 екінші саптық дивизияның 282 атқыштар полкі командирінің бұйрығы негізінде Сағдат Омарбеков “Жауынгерлік еңбегі үшін”медалімен марапатталды.

Қазіргі уақытта Май ауданы Көктөбе ауылында 1926 жылы туған қарындасы Омарбекова Мәнзума тұрады.

Батырдың немересі Ахметова Ботагөз Телманқызы

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.