«Заманының өр тұлғалы ақыны» атты тақырыптық дәріс

15 желтоқсанда  Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасы студенттеріне ақын Дулат Бабатайұлының туғанына  220 жыл толуына орай профессор М.Х.Хамзин «Заманының өр тұлғалы ақыны» тақырыбында танымдық дәріс өткізді.

Профессор студенттерге дәріс барысында бірнеше өзекті мәселелерге тоқталды.

Кезінде М.Әуезовтің «Зар заман ақындары» деп атаған серпінді топтың ірі өкілі Дулат Бабатайұлының туғанына биыл 220 жыл толып отыр. Жыраулық поэзия дәстүрін пір тұтқан ол ақындық салада ерекше еңбек сіңірді: «Сүлейменге», «О, Барақ жас, Барақ жас», «Тегімді менің сұрасаң», «О, Ақтан жас, Ақтан жас», «Жапанға біткен жантақты» т.б. шығармаларын жазды. Идеялық, ұстанымдық тұрғысынан ақын шығармаларына төмендегідей баға берген абзал: 

  • Дулат шығармалары халықтың азаттықты аңсаған арман, тілегін дөп басып, жырлай алды.
  • Дулат ақын – уақыт – қоғам – тәуелсіздік төрттағанын шебер кескіндеген ақын ұлттық рухтың мүлгіп, ұйықтап кетпеуіне барынша еңбек сіңірді; 

Отарлық езгінің қос өкпеден қысуын ғана аңғартып қоймай, өз хал-қадірінше «не істеу керек?» деген сауалға жауап беруге тырысты. Демек, осы айда аталып өтетін Тәуелсіздік күні мерекесі тұсында өз шығармаларының өзегіне азаттықты арқау еткен барша сөз зергерлерін, олардың ішінде Д. Бабатайұлын ерекше атаған жөн.

Дулат – Абайдың алдында өткен қазақ сөз зергерлерінің ішіңдегі ең мықтысы. Дулатты ауызша тарап келген ақын-жыраулар тілі мен Абай бастаған жазба әдеби тілді жалғастырған көпір деп тану қажет.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.