“Bolashaq” Республикасының студенттері Теміртау қаласының №17, №27 және №11 мектептерінде болды

17 сәуірде “Bolashaq” Академиясының студенттері студенттік өзін-өзі басқару бойынша кәсіптік бағдарлау жұмысын жүргізу шеңберінде Теміртау қаласының №17, №27, және №11 мектептеріне барды.

Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысының мақсаты:

-оқу бейінін және болашақ кәсіби қызмет саласын таңдау процесінде оқушыларға кәсіптік бағдар беру;

-оқушылар бойында өз мүмкіндіктеріне, қабілеттеріне сәйкес және еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, қызмет саласын таңдау еркіндігі жағдайында кәсіби өзін-өзі анықтауды дамыту.

Осы жұмысты жүргізу барысында оқушыларға таныстыру ролигі көрсетілді, сондай-ақ Академияның артықшылықтары мен жетістіктері туралы дәріс өткізілді. Оқушылар Академиядағы студенттердің өміріне қызығушылық танытты. Біздің студенттер қызықты іс-шаралар мен конкурстар өткізу туралы әңгімелеп, оқушыларды қызықтыра алды. Академияның артықшылықтары, сонымен қатар оның халықаралық деңгейде жоғары оқу орындарымен белсенді ынтымақтастықта екендігі туралы айтылды..

Өткізілген жұмыс нәтижелері бойынша біздің студенттер оқушыларға “Bolashaq” Академиясына түсу туралы қызығушылықтарын оята алды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.