Форум Internationalization of Higher Education: INT-KZ Universities Partnership

2024 жылдың 18 сәуірінде М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде internationalization of Higher Education: Int-KZ Universities Partnership халықаралық форумы өтті. Оған АҚШ, Ұлыбритания, Ирландия, Австралия, Канада университеттерінен 12 делегация қатысты.

Университет басқарма төрағасының міндетін атқарушы – Әуезов университеті ректоры Қайрат Нұрманбетов құттықтау сөз сөйледі. Ол қонақтарға форумға қатысқаны үшін алғыс айтты. Форум жұмысына құқықтық және қаржы пәндері кафедрасының аға оқытушысы Әсел Ахметова қатысты.

Орталық және Шығыс Еуропа, Кавказ, Орталық Азия бойынша Cormack Consultancy Group директоры Gintaras Steponavičius: “Біздің компания әлем университеттері арасындағы халықаралық әріптестікті нығайту мен дамытуды қолдайды”, – деп атап өтті.

Кездесуге қатысушылар ынтымақтастық мәселелерін және халықаралық әріптестікті дамыту мен нығайтудың алдағы перспективаларын талқылады.

(Толығырақ ақпаратты сілтеме арқылы алуға болады)

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.