Мектеп бітіруші түлектерге кәсіби бағдар беру жұмысы

Қарағанды  қаласының  Көпсалалы  гуманитарлық-техникалық  колледж  түлектерімен өткен  кәсіптік бағдар беру жұмысы

2021 жылдың 6 мамырында  ZOOM тұғырнамасында “Bolashaq” академиясы ЖМ  кафедраларының  оқытушылар құрамы кәсіби бағдар беру мақсатында Қарағанды қаласының Көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледж түлектерімен   онлайн-кездесу өткізді. Кездесуге  колледж  түлектері мен ұстаздары және ата-аналары   қатысты.

Шараның ұйымдастырушысы және жүргізушісі Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Б.А.Абылбаева болды. Аталған іс-шараға академияның «Студенттерге қызмет көрсету орталығының» басшысы  С.Т. Тұрғанбаева  қатысып, өз тарапынан маңызды ақпарат берді.     Сонымен қатар ББ бойынша Қазақ тілі мен әдебиеті кафедасынан Р.Х.Абдрахманов, Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу кафедрасынан Қ.А.Сарбасова, “Қаржы” кафедрасынан А.З.Апеева, Құқықтану кафедрасынан  Р.Д.Окашев қатысты.   Колледждің биылғы түлектеріне  Академияның білім беру бағдарламалары туралы және  құжаттарды тапсыру мен қабылдау рәсімі бойынша ақпарат беріліп,  Академия өмірінен таныстырылым және бейнежазба  көрсетілді.

Түлектер жалпы оқу ақысын төлеуге, оқу ақысын төлеуде болатын жеңілдіктерге, білім беру гранттарына және т. б., оқу мәселесіне қатысты сұрақтар қойып, қызығушылық танытты.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.