ТӘЖІРИБЕ БОЙЫНША БЕКІТУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

Ағымдағы жылдың қараша айында кафедралардың жұмыстық оқу жоспары, академиялық күнтізбеге сәйкес 7М04202-«Құқықтану», 7М04102-«Қаржы», 7М01702-«Қазақ тілі мен әдебиеті», 7М01102-«Педагогика и психология» білім беру бағдарламалары бойынша 2-курс магистранттары үшін педагогикалық тәжірибеден өту қарастырылған. Осы бойынша бекіту конференциясы болып өтті. Педагогикалық тәжірибеден өту жетекшілері п.ғ.к., доцент Д.С. Асакаева (МПП-20-1), п.ғ.к., доцент Г.К. Абилкасымова (МПП-20-2), э.ғ.к., доцент Г.А. Қадырова (МФ-20-2), ф.ғ.м. доцент Р.Х. Абдрахманов (МК-20) з.ғ.к., қауымдастырылған профессор А.Ж. Әбдіжәми (МЮ-20-2), з.ғ.к.,.доцент Е.Е. Серімов.

Практика жетекшілері магистранттарды академия ректорының «Педагогикалық практикадан өтуге бағыттау туралы» бұйрықтарымен таныстырып өтті. Сондай-ақ педагогикалық тәжірибеден өтудің маңыздылығы мен мазмұны, мақсаттары мен міндеттері туралы толықтай түсініктеме берді. Сонымен бірге магистранттардың педпрактикадан өтуі үшін қажетті есептік құжаттардың ресімделуі бойынша талаптарға тоқталды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.