«Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» тақырыбында дөңгелек үстел

2021 жылдың 5 қарашасында Moodle платформасында «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Аталған іс-шараға «6В04201 – Құқықтану» білім беру бағдарламасының күндізгі бөлімінің Ю-21-1-2, Ю-19-2 оқу тобының студенттері, кафедра меңгерушісі Қабжанов А.Т., аға эдвайзер Ахметова А.К. және топ эдвайзерлері Д.Б. Нуртаева, Г.Қ. Отыншиевалар қатысты.

Студенттерге сыбайлас жемқорлықпен күресу бойынша ұжымдық пікір қалыптастыруға және нақты ұсыныстар жасауға мүмкіндік берілді. Студенттердің пікірінше, сыбайлас жемқорлық қылмыс, заңға қайшы әрекет, қоғамдық зұлымдық. Олардың пікірінше, сыбайлас жемқорлықтың себептері осы процеске қатысушылардың қалаған нәтижелерді заңсыз жолмен тезірек және оңай алудағы бұрмаланған санасы болып табылады.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.