Медиация бойынша cеминар

2019 жылы 16 қыркүйекте “Bolashaq” академиясында “Медиация жастар арасындағы бірлікті нығайту факторы ретінде”тақырыбында семинар өтті.

Семинарды” Infiniti ” дамыту орталығының бизнес-тренері, PhD докторы Тезекбаева З. С. және заң пәндері кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы ұйымдастырды.

Бизнес-тренер өз сөзінде медиацияның базалық ұғымдары, қақтығыстар психологиясы, жастар ортасындағы қақтығыстар және т.б мәселелер туралы айтып берді.

Медиация тақырыбының өзектілігі тұрғысынан аталған семинар студенттер мен оқытушылар үшін де танымдық болды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.