Ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлының 151 жылдығы және Қазақстан халқы тілдері күні аталып өтті

5 қыркүйекте Алаш көсемі, Ұлт ұстазы А.Байтұрсыновтың туған күніне және Тілдер күніне орай, Қазақ тілі мен әдебиеті ББ -ның 1-4 курс студенттері арасында  мерекелік шара өткізілді.

Ахмет Байтұрсынов «Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. Өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады»- деп өз ана тілімізді құрметтеуге, қадірлеуге, ұлттық санамызды, ұлттық болмысымызды сақтап қалуға шақырғаны баршаға аян. Аталған іс-шарада студенттер ұлт ұстазына арнаған баяндамалар, өлеңдер оқып, ән-жырдан шашу шашты.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.