ҚР Президентінің 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын талқылау

2022 жылғы 29 қыркүйекте “Bolashaq” академиясының Шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының аға эдвайзері М. К. Абдрешева “Шет тілі: екі шет тілі” білім беру бағдарламаларының студенттерімен ҚР Президентінің Қазақстан халқына “ӘДІЛ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. ГҮЛДЕНГЕН ҚОҒАМ” Жолдауын талқылады.Аталған іс-шара барысына шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының 1-3 курс студенттері қатысты. Жолдаудың негізгі ережелері айтылды. Мынадай маңызды мәселелер қозғалды:

  1. Күздегі кезектен тыс президенттік сайлау
  2. “Біз қазақ және орыс тілдерін жақсы меңгерген балаларды тәрбиелеуіміз керек”.

Ин-21-1к тобының студенттері Әділбек Токенов пен Ин-22-1 Сорокин Даниил осы Жолдаудың білім беру аспектісіне ерекше назар аударды. Олар студенттерді гранттармен қолдау туралы өз пікірлерін білдірді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.