2026 жылғы 27 сәуірде Академияның бас ғимаратының конференц-залында Ғылыми-техникалық кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Отырысқа ҒТК мүшелерімен қатар ғылыми-зерттеу жұмысына (ҒЗЖ), студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысына (СҒЗЖ) және магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмысына (МҒЗЖ) жауапты қызметкерлер қатысты. Отырыс барысында Академияның ғылыми-зерттеу қызметін дамыту, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және білім алушылардың ғылыми бастамаларын қолдау мәселелері қарастырылды. Академияның […]
Главный редактор Академии "BOLASHAQ"
25 сәуір күні «Bolashaq» Академиясында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шараға бухгалтерия, кадр бөлімі, кітапхана қызметкерлері және жалпы білім беру пәндері кафедрасы белсенді қатысты. Сенбілік барысында Академия ғимаратының ішкі аумағында тазалық жұмыстары жүргізіліп, кабинеттер мен ортақ пайдаланылатын кеңістіктер ретке келтірілді. Қатысушылар өздеріне бекітілген аймақтарды мұқият тазалап, білім ордасының […]
2026 жылғы 24 сәуірде кәсіптік бағдар беру жұмысы жоспарын іске асыру аясында «Фармацевтикалық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы Адалбекова Б.О. Қарағанды қаласындағы №17 мектепке барды. Аталған мектепте биылғы түлектерден құралған 3 сынып бар: 11 «А», 11 «Ә» және 11 «Б». Оның ішінде 1 сынып қазақ тілінде, 2 сынып орыс тілінде білім […]
2026 жылдың 24 сәуірінде фармацевтикалық пәндер кафедрасында Академияның 30 жылдығына орай, тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі жоспар аясында, сондай-ақ жұмыс берушілерді оқу процесіне тарту және түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мақсатында табысты түлектердің қатысуымен «Talk Show» форматында ашық сұхбат кеші ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қонақтар студенттік шақтарын еске алып, мамандық таңдаудағы себептерімен […]
2026 жылдың 23 сәуірінде фармацевтикалық пәндер кафедрасының эдвайзері Темиреева Назым Багдаулетовна фм 22-2, ПМНО 25-2 топ студенттерімен «Вакцинация – денсаулық кепілі» тақырыбында бірыңғай кураторлық сағат өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттерге вакцинацияның маңыздылығын түсіндіру, олардың денсаулыққа деген жауапкершілігін арттыру және жұқпалы аурулардың алдын алу жолдары туралы ақпарат беру болды. Кураторлық […]
Бүгін Академияда Ұлттық кітап күні мен Кітапханашы күніне орай «Кітап керуені» атты кітап алмасу акциясы ұйымдастырылды. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – кітаптың қоғамдағы маңызын дәріптеу, кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру және академия ұжымының рухани-мәдени байланысын нығайту болды. Мазмұнды шараға Академияның қызметкерлері, профессор-оқытушылар құрамы және студенттері белсенді қатысып, ортақ игі бастамаға […]
2026 жылғы 22 сәуір күні «Қазақ тілі және әдебиеті» кафедрасының ұйымдастыруымен «Әдебиет және тұлға» атты жазушымен кездесу кеші өткізілді. Іс-шараның құрметті қонағы – жазушы, «Жылдың үздік прозашысы» байқауының жүлдегері Бекзат Жапатайұлы Алтынбек болды. Кешке академия оқытушылары мен студенттері қатысып, белсенділік танытты. Кездесу барысында жазушы өз шығармашылық жолы, әдебиеттегі ізденістері туралы […]
2026 жылғы 21 сәуірде «Bolashaq» Академиясында «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының Академиялық комитетінің кезекті отырысы өтті. Отырыс аралас форматта — офлайн және онлайн режимде қатар өткізілді, бұл комитет мүшелері мен шақырылған қатысушылардың толық қатысуына мүмкіндік берді. Отырысқа Академиялық комитет мүшелері қатысты: Абдрахманова Алуа Сабитовна — педагогика ғылымдарының […]
«Bolashaq» академиясының психологиялық және инклюзивті білім беру орталығына студенттерден, әсіресе сессия тапсыру кезеңінде, эмоционалдық шиеленісті және психологиялық шаршауды төмендету бойынша өтініштер түседі. Педагогика кафедрасының қызметкерлері, білікті практик-психологтар студенттерге күрделі жағдайларда көмек көрсетеді. Осылайша, «Өзіңді таны» психологиялық үйірмесінің жоспарын жүзеге асыру аясында педагогика кафедрасының доценті және психологиялық және инклюзивті білім беру […]
20 сәуір күні “Bolashaq” Академиясының кітапханасында студенттердің көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, оқырмандық мәдениетті қалыптастыру және әдеби туындыны терең түсінуге бағытталған «Бір шығарма – мың ой» атты оқырмандармен шығарма талдау іс-шарасы ұйымдастырылды. Аталған шараның басты мақсаты – бір ғана шығарманың мазмұны арқылы сан түрлі ой туғызып, қатысушылардың әдебиетке деген көзқарасын […]
Кәсіби бағдар беру жұмысының жоспарына сәйкес, 2026 жылғы 20 сәуірде Қарағанды қаласы Пришахтинск ықшамауданында орналасқан №32 жалпы білім беретін орта мектебінде 11-сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге Bolashaq Академиясы фармацевтикалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Темиреева К.С., «Фармация» білім беру бағдарламасының 5-курс студенті Кусаинова А., сондай-ақ №32 жалпы білім беретін орта мектебінің […]
Академия кітапханасында кітаптың қоғамдағы маңызын дәріптеу, рухани құндылықтарды насихаттау және оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Кітап – ортақ қазына» атты кітап сыйлау акциясы ұйымдастырылды. Бұл игі бастама кітаптың адам өміріндегі ерекше орнын айқындап қана қоймай, білім мен парасатқа деген құрметті арттыруға бағытталды. Кітап – ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын рухани мұра, адамзаттың ақыл-ой […]
Академия кітапханасында «Кітап – ортақ қазына» атты кітап сыйлау акциясы ұйымдастырылды. Аталған іс-шара кітаптың қоғам өміріндегі маңызын дәріптеуге, рухани құндылықтарды насихаттауға бағытталды.Іс-шараға академияның барлық құрылымдық бөлімдері мен кафедралары, соның ішінде «Шетел тілдері және мәдениетаралық коммуникация» кафедрасы да белсенді түрде қатысып, ортақ іске өз үлестерін қосты. Аталған кафедраның қатысуы тәрбие жұмысы […]
«Ұлттық кітап күні мен Кітапханашы күні» тарбие жоспарын орындауға байланысты 17 сәуір күні студенттері үшін Қарағанды қаласының кітапханасына экскурсия жоспарланған. Осыған байланысты Ие-25-2 тобының студенттері және «Шетел тілдері және мәдениетаралық коммуникация» кафедрасының аға оқытушысы Абдрешева Мадина Каббасовна Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы барып қайтты.
Шетел тілдері және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының сөйлеу клубының жұмыс жоспарына сәйкес «School Life and Future Career» тақырыбында сөйлеу клубы өткізілді. Аталған іс-шара кафедраның аудиториядан тыс жұмысы аясында ұйымдастырылып, білім алушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын, коммуникативтік құзыреттілігін және кәсіби өзін-өзі анықтау қабілеттерін дамытуға бағытталды. Клуб жетекшісі – Шетел тілдері және мәдениетаралық коммуникация […]