«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ-ның «Қазақ тілі және мәдениеті» кафедрасы өткізген Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдығына орай «Даланың дара ұстазы – Ыбырай Алтынсарин» тақырыбындағы аймақтық байқауға ««Bolashaq» Академиясынан да студенттер қатысты.
Байқауда аймақтың барлық жоғары оқу орындарының өзге ұлт студенттері бақ сынасты. Әр қатысушы байқау талаптарына сай Ыбырай Алтынсариннің шығармаларын мәнерлеп жатқа оқып, қойылған сұрақтарға мүдірмей жауап беріп, мазмұнын аша білуі тиіс болатын.
Осы сайыста Академиямыздың ПМНО-26-1к тобының студенті Алиева Расмия жүлделі 1-орынды иеленді. Жетекшісі қазақ тілі пәні оқытушысы Б.А.Абылбаева.
Байқаудың мақсаты – Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен ағартушылық мұрасын насихаттау, студенттердің көркем шығармаларды мәнерлеп жатқа оқу шеберлігін, сөйлеу мәдениеті мен шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұлттық әдеби мұраға деген құрметін және мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру.