2026 жылғы 4 қарашада «Bolashaq» Академиясының өкілдері Осакаров ауданының 10–11-сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру бағытында кездесу өткізді.

Кездесудің басты мақсаты – мектеп бітіруші түлектерге болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға көмектесу, жоғары білім алу мүмкіндіктерімен таныстыру және кәсіби бағдарын айқындауға қолдау көрсету.
Іс-шара барысында оқушыларға Академияның білім беру бағдарламалары, оқуға түсу талаптары, оқу үдерісінің ерекшеліктері мен студенттерге ұсынылатын мүмкіндіктер туралы кеңінен ақпарат берілді. Сонымен қатар, мамандық таңдаудағы маңызды мәселелер талқыланып, оқушылардың сұрақтарына жан-жақты жауаптар ұсынылды.

Кездесуге Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушысы Исмайлова Р.Н., Педагогика кафедрасының оқытушысы Мекадилова С.С. және белсенді студенттер қатысты. Оқытушылар мен студенттер Академияның білім беру ортасы, студенттік өмірі және жастардың жеке әрі кәсіби дамуына арналған мүмкіндіктерімен бөлісті.
Мұндай кездесулер жас түлектердің болашаққа деген сенімін нығайтып, білім мен мамандық таңдауда дұрыс шешім қабылдауына жол ашады.
«Bolashaq» Академиясы – болашаққа бастар білім жолы!