2026 жылғы 13 сәуірде құқықтық және қаржылық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Ахметова Әсел Қасенқызы Қарағанды облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына бару іс-шарасын ұйымдастырып, өткізді. Іс-шараға Ю-24-1 тобының екінші курс студенттері қатысты. Студенттердің теориялық дайындығы олардың кәсіби дүниетанымын қалыптастыратын білім негізін қалайды. Ал оқытудың практикалық бағыты болашақ заңгердің […]
Жаңалықтар
2026 жылғы 13 сәуірде құқықтық және қаржылық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Ахметова Әсел Қасенқызы «Терриконовая долина» IT-хабына бару іс-шарасын ұйымдастырып, өткізді. Аталған кездесу кафедраның тәрбие жұмысы жоспарын жүзеге асыру мақсатында өткізілді. Іс-шараға Ю-24-1 тобының екінші курс студенттері қатысты. «Терриконовая долина» IT-хабы – бұл прогрессивті ойлайтын адамдар мен IT, құқық, менеджмент […]
2026 жылдың 13 сәуір күні Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасында Қарағанды медицина университетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының «Күретамыр» тарихи-өлкетану үйірмесімен бірлескен «Қазыналы өлке» өлкетану жобасы аясында «Тұғырлы тұлға тағылымы» атты қоғам қайраткері, «Тіл жанашыры», «Құрмет» орденінің иегері, «Мәдениет қайраткері», ақын, жазушы, аудармашы, суретші, сазгер, өлкетанушы, алаштанушы, Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы […]
2026 жылғы 10 сәуірде Астана қаласында Қазақстан жоғары оқу орындарының Тұрақты даму мақсаттарын іске асыруға қосатын үлесіне арналған дөңгелек үстел өтті. Қазақстан Республикасында университеттер, азаматтық қоғам, мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту ерекше маңызға ие болып отыр. Іс-шараның мақсаты – жоғары оқу орындары мен мүдделі тараптардың өзара […]
«Bolashaq» Академиясында кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында орта білім беру ұйымдарының 11-сынып оқушылары арасында «Қаржы әлеміне саяхат» тақырыбында қаржылық викторина ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру, экономика мен қаржы саласына деген қызығушылығын ояту, сондай-ақ болашақ мамандық таңдауға бағыт-бағдар беру. Викторинаға келесі білім беру ұйымдарының […]
Қырғыз Республикасы ОАХМУ-де «Bolashaq» Академиясының фармацевтикалық пәндер кафедрасының оқытушысы мен студенті үшін сыртқы академиялық ұтқырлықтың алғашқы аптасы сәтті және жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтуде. Доцент Курбанова Гозель Джумакулиевна ағымдағы аптаға жоспарланған дәрістерді өткізді, алдағы уақытта қосымша кездесулер мен сабақтар жоспарлануда. «Фармация» БББ бойынша оқитын 1-ші курс студенті Қоблан сәтті бейімделіп, студенттік […]
Бүгін «Bolashaq» Академиясының проректорлары мен қызметкерлері қаламыздағы Телевизионная көшесінде сенбілік жұмыстарын жүргізді. Іс-шараның басты мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстап, қала келбетін жақсартуға үлес қосу болды. Сенбілікке дейін академия ауласында ағаш отырғызу акциясы ұйымдастырылды. Бұл бастама оқу орны аумағын көгалдандыруға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталды. Қатысушылар бірлесіп ағаш көшеттерін отырғызып, […]
2026 жылғы 3 сәуірде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде «Ашық экономика: қаржы пирамидаларымен күрестегі кооперативтердің рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оған депутаттар, мемлекеттік органдардың өкілдері мен сарапшылар қатысты. «Bolashaq» Академиясынан құқықтық және қаржылық пәндер кафедрасының меңгерушісі Қабжанов Ақылбек Тайбулатұлы және кафедраның аға оқытушысы Ахметова Әсел Қасенқызы қатысты. Дөңгелек үстел барысында Қазақстан […]
2026 жылғы 3 сәуірде академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университеті базасында «Мен және заң» атты байқау өтті. Байқауға «Bolashaq» Академиясынан Ерохина Марина, Бураханова Жұлдыз (Ю-23-1 тобы) және Орныхпай Аман (Ю-24-1 тобы) қатысты. Іс-шараға қаламыздағы 8 жоғары оқу орнының студенттері қатысты. Викторинаның мақсаты – жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, құқықтық […]
2026 жылғы 31 наурызда «Таза Қазақстан», фармацевтикалық пәндер кафедрасының тәрбие және әлеуметтік жұмысын іске асыру мақсатында, сондай-ақ ботаниканы тәжірибелік-бағытталған зерттеу және ботаникадан практикаға кіріспе ретінде кафедра оқытушысы Темиреева Назым Бағдаулетқызының жетекшілігімен «Фармация» БББ 1 және 3 курс студенттері Теміртау қаласының Ботаникалық бағына саяхат жасады. Сапар барысында студенттер тропикалық және субтропикалық […]
Қазіргі таңда академиялық ұтқырлық жоғары оқу орындарын дамытудың басым бағыттарының бірі болып табылады және заманауи білім беру кеңістігіне кірігу, тәжірибе алмасу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары арасындағы серіктестік байланыстарды нығайту мақсатында жүзеге асырылуда. Бағдарлама білім алушыларға уақытша басқа жоғары оқу орнында білім алуға, жаңа пәндерді меңгеруге, оқытудың өзге әдістемелерімен […]
Қазақстан Республикасы ЖОО қауымдастығы мен Мұхамеджан Тынышпаев атындағы ALT Университеті оқытушыларға, ЖОО басшыларына және білім беру саласының мамандарына арналған «Жоғары білім беру және ғылым жүйесінде жасанды интеллектіні пайдалану» атты біліктілікті арттыру курсын ұйымдастырды. «Bolashaq» Академиясы атынан курсқа ДОТ және IT-қолдау орталығының жетекшісі С. О. Исмагулов қатысты. Оқу гибридті форматта өтті: […]
2026 жылғы 25–26 наурыз күндері Моңғолияның Баян-Өлгей қаласында Баян-Өлгей облысы әкімдігі мен облыстық білім басқармасы және «Отандастар» қоры қолдауымен Қазақстанның білім күні өтті. Іс-шара Құрманхан атындағы музыкалық драма театры ғимаратында ұйымдастырылды. Іс-шара барысында жергілікті қазақ қандастарға Қазақстанда жоғары білім алудың мүмкіндіктері, оқуға түсу жолдары мен жеңілдіктері туралы ақпарат берілді. Қазақстаннан […]
2026 жылғы 20 наурызда «Педагогика» кафедрасының эдвайзерлері С.С. Шутенова және А.М. Тажинин «Педагогика және психология» (ПиП-24-1, ПиП-25-1) және «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» (ПМНО-24-1, ПМНО-25-1) білім беру бағдарламаларының студенттерімен Наурыз мерекесіне арналған ашық кураторлық сағат өткізді. Іс-шара жылы әрі достық атмосферада өтті. Кураторлар студенттерге Наурыздың тарихы, оның Қазақстан халқы үшін […]
Бүгін Тания Хоссейн – Waseda University (Жапония) университетінің профессоры оқу орнымызға арнайы келіп, оқытушылармен кездесу өткізді. Кездесу барысында ғалым тіл саясаты, ағылшын тілін оқыту, сондай-ақ жасанды интеллекттің білім беру үдерісіндегі рөлі, индекстелетін базаларда мақала шығару туралы өз тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту, бірлескен зерттеулер жүргізу және академиялық […]