Monthly Archives: Қараша 2021
24 қарашада академияның кәмелетке толмаған студенттерімен кездесу өтті. Стратегиялық даму жөніндегі проректор Г.М. Рысмағамбетова, академия дәрігері С. Г. Куур студенттерге вакцина жасау қажеттілігі туралы түсіндірді. Олар осы мәселе бойынша студенттердің қойған сұрақтарына жауап берді. Студенттердің ата-аналары немесе оларды алмастыратын тұлғалар толтыруы тиіс вакцина жасау туралы келісім (немесе бас тарту) парақтары […]
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында «Jas Otan» ЖҚ «Jastar – Оtanǵa!» жастар сыйлығына өтінімдер қабылдау туралы хабарлайды ⠀Байқаудың негізгі мақсаты волонтерлік қызметті дамыту және танымал ету, қоғам игілігі үшін ерікті еңбек идеяларын насихаттау және жастарды әлеуметтік маңызды проблемаларды шешуге тарту болып табылады.⠀Байқауға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 16-35 жас аралығындағы жастар […]
Студенттік және магистрлік ғылыми жұмыстар конкурсы студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмысының дағдыларын және шығармашылық ізденістерін дамыту, студенттер мен магистранттарды ғылыми-зерттеу қызметіне тарту,Қазақстан қоғамы мен оның білім беру саласындағыинновациялық технологиялар бойынша әлеуметтік тапсырыстарды іске асыру және республикалық конкурсқа қатысу үшін үздік студенттік және магистрлікжұмыстарды ұйымдастыру мақсаттарында өткізіледі.Конкурсқа ұсынылатын ғылыми жұмыстардың тақырыбықазіргі […]
2021 жылдың 24 қарашасында сағат 14.00 – де фармацевтикалық пәндер кафедрасы «Мемлекет байлығы-халық денсаулығы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді. Қатысушылардың назарына келесі баяндамалар ұсынылады: Бегайдарова Роза Хасановна, ҚМУ КЕАҚ жұқпалы аурулар және фтизиатрия кафедрасының еңбек сіңірген профессоры, м.ғ.д., РЖА академигі. «СOVID-19 -дың өзекті мәселелері. Клиникасы. Емі. Вакцина жасау». Беркімбаева Жанар Жаркенова, […]
2021 жылдың 19 қарашасында «Bolashaq» академиясының ректоры Меңлібаев Құралбай Несіпбекұлы мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесті. Кездесу барысында студенттерді оқыту, сондай-ақ практикадан өту, емтихандарға дайындау және т.б. мәселелер талқыланды. Қаралған мәселелердің әрқайсысы бойынша осы жұмыс түрлерін жақсарту мақсатындағы іс-шаралар ұсынылды. Кафедра меңгерушісінің баяндамасын талқылағаннан кейін академия ректоры […]
Қарағанды облысы жастар арасында қаржылық сауаттылықты қалыптастыру жобасы аясында тұрғын үй-жинақ және білім беру депозиттері, IPO, зейнетақы активтерін басқару және т. б. саласындағы сарапшылармен және мамандармен ақпараттық іс-шаралар сериясы өткізілуде.Біз Сіздерді «Зейнетақымен қамтамасыздандыру және ерікті зейнетақы жарналарын дамыту туралы ҚР заңнамасындағы өзгерістер» тақырыбына арналған іс-шараға қатысуға шақырамыз.Кездесу 25 қараша күні […]
Қазіргі күні сыбайлас жемқорлық деректерінің көптігі, қоғамның қай саласында болмасын белең алғандығы, әділетсіздіктің асқынып бара жатқандығы көкірегі ояу, көзі ашық әрбір зиялы азаматты бей-жай қалдырмайды. Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты сыбайлас жемқорлықты ұлттық қауіпсіздікке тікелей төндіретін қауіп-қатер қатарына қояды және мемлекет пен қоғамды осы келеңсіз құбылыспен күресте күш-жігерді біріктіруге бағыттайды. […]
Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай» деген болатын. Салт-санадағы ұлттық бренд болуға лайықты ұлттық код дәстүр мен ғұрып болып табылады. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол […]
Жастар ісі жөніндегі комитетінің ұйымдастыруымен қарашаның 17-сі «Bolashaq» академиясында «Діни келісім – бірлік пен тұрақтылық кепілі» атты дін өкілдерінің студенттермен кездесуі өтті. Қарағанды қаласы, Әлихан Бөкейхан кенті «Бала қажы» мешітінің наиб имамы Аманжолов Сұлтан Мауратұлы жастар қауымына Мұхаммед пайғамбардың өмірі мен қызметінен мысалдар келтіріп, қазіргі діни экстремизм мен терроризмнің пайғамбардың […]
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шара аясында 2021 жылдың 16 қарашасында «Қаржы» кафедрасы ұлттық валюта күніне «Ұлттық валюта – тәуелсіздік символы» атты интеллектуалды викторина өткізді. Іс-шара басында э.ғ.к., профессор А.С. Дарибекова және әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Р.Н. Исмаилова қатысушыларға арнап құттықтау сөз сөйледі. «Қазақстанның ұлттық валютасы» тұсаукесерімен Ф-18-1 тобының […]
Бүгін үлкен мереке-бүкіл әлем студенттері атап өтетін Халықаралық студенттер күні. Қазақстан да бұл мерекені 17 қарашада атап өтеді. Осы мерекенің тарихынан бастайық және құттықтаумен аяқтайық. 1939 жылы 17 қарашада фашистер басып алған Прагада бір топ чех патриот студенттері атылды. Гитлердің бұйрығымен концлагерьлерге мыңнан астам студенттер мен университет оқытушылары жіберілді. 1941 […]
Нұрсұлтан қаласы «BILIM-ORKENIETI» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен магистранттар, докторанттар, студенттер, қоғам белсенділері арасында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ-ҮЗДІК КӨШБАСШЫ-2021» атты республикалық байқау өтті. Байқауда республиканың түкпір түкпірінен келген жастар бақтарын сынады. Қарағанды қаласы «Bolashaq» академиясының қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының студенті Жаркеева Гүлдана Әділбекқызы Елтаңба авторы […]
2021 жылғы 13 қарашада Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернат қабырғасында заң пәндері кафедрасының меңгерушісі Ақылбек Тайболатұлы Қабжанов «Сарыарқа дарыны» аймақтық ғылыми-әдістемелік орталығының шақыруымен оқушылардың аймақтық ғылыми-әдістемелік конкурсының аймақтық «Адам. Қоғам. Құқық» кезеңіне қазылар алқасының төрағасы ретінде қатысты.