Діни келісім – бірлік пен тұрақтылық кепілі»

Жастар ісі жөніндегі комитетінің ұйымдастыруымен қарашаның 17-сі «Bolashaq» академиясында «Діни келісім – бірлік пен тұрақтылық кепілі» атты дін өкілдерінің студенттермен кездесуі өтті.

Қарағанды қаласы, Әлихан Бөкейхан кенті «Бала қажы» мешітінің наиб имамы Аманжолов Сұлтан Мауратұлы жастар қауымына Мұхаммед пайғамбардың өмірі мен қызметінен мысалдар келтіріп, қазіргі діни экстремизм мен терроризмнің пайғамбардың қалдырған іліміне сәйкес келмейтінін атап өтті. Осы кешке арнайы шақыртылған дін өкілі Угольков Александр Николаевич, адамдар арасындағы қарым-қатынасқа, отбасы құндылықтары тақырыбына және ұлтаралық татулық, бірлік жайлы мәселелерге кеңінен тоқтады. Кездесуде жалпы жат ағымдардың қоғамға келер зияны және олардан сақтану шаралары мен алдын алу жолдарын түсіндірді. Сонымен қатар суицид, нашақорлықтың зияны мен алдын алу шаралары жасалды. Білімгерлер өздерін мазалаған сұрақтарына мардымды жауаптарын алды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.