ЖМ “Воlashaq”академиясы” студенттері мен магистранттарының ғылыми-зерттеу жұмыстарының конкурсы туралы ЕРЕЖЕ

Студенттік және магистрлік ғылыми жұмыстар конкурсы студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмысының дағдыларын және шығармашылық ізденістерін дамыту, студенттер мен магистранттарды ғылыми-зерттеу қызметіне тарту,
Қазақстан қоғамы мен оның білім беру саласындағы
инновациялық технологиялар бойынша әлеуметтік тапсырыстарды іске асыру және республикалық конкурсқа қатысу үшін үздік студенттік және магистрлік
жұмыстарды ұйымдастыру мақсаттарында өткізіледі.
Конкурсқа ұсынылатын ғылыми жұмыстардың тақырыбы
қазіргі заманғы ғылым мен қоғам дамуының өзекті
мәселелерін, ең алдымен, білім беру саласының қалыптасуы мен дамуына арналған
оқыту, тәрбиелеу және өскелең ұрпақтың тәрбиесі мен дамуы мәселелерін шешу мақсатында болуы тиіс.

Конкурстық жұмыстар
зерттеу бағыттары бойынша мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:

  1. Қазақстан Республикасы заңнамасының даму перспективалары;
  2. Қаржы жүйесінің проблемалары және ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
  3. Дамып келе жатқан тұлғаның психологиялық-педагогикалық аспектілері;
  4. Үздіксіз білім беру жағдайында тұлғаның дамуы мен тәрбиесін, оқытуын ұйымдастыру процесіндегі инновациялық тәсілдер ;
  5. Қазақ филологиясы: бүгіні мен болашағы;
  6. Тілдерді білу-мәдениетаралық коммуникация негізі;
  7. Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері;
  8. Қазіргі даму кезеңіндегі химия-фармацевтикалық және биологиялық медицина ғылымдарының өзекті мәселелері.

https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2021/11/%D0%9F%D0%BE%D0%BB%D0%BE%D0%B6%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D0%B5-%D0%BE-%D0%BA%D0%BE%D0%BD%D0%BA%D1%83%D1%80%D1%81%D0%B5-%D0%B0%D0%BA%D0%B0%D0%B4%D0%B5%D0%BC%D0%B8%D0%B8.pdf

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.