Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында «Jas Otan» ЖҚ «Jastar – Оtanǵa!» жастар сыйлығына өтінімдер қабылдау туралы хабарлайды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында «Jas Otan» ЖҚ «Jastar – Оtanǵa!» жастар сыйлығына өтінімдер қабылдау туралы хабарлайды



Байқаудың негізгі мақсаты волонтерлік қызметті дамыту және танымал ету, қоғам игілігі үшін ерікті еңбек идеяларын насихаттау және жастарды әлеуметтік маңызды проблемаларды шешуге тарту болып табылады.

Байқауға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 16-35 жас аралығындағы жастар қатыса алады.

Жастар келесі номинациялар бойынша өтінім бере алады:

  1. «Жылдың волонтерлік жобасы»;
  2. «Үздік студенттік жоба»;
  3. «Jas Otan» ЖҚ жыл белсендісі»;
  4. «Жыл қаһарманы»;
  5. «Үздік волонтер»;
  6. «Әлеуметтік желілерде волонтерлікті насихаттағаны үшін»;
  7. «Jas Otan» ЖҚ аймақтық үздік филиалы».


    Өтінім беру талаптарымен www.jasotan.kz сайтынан таныса аласыздар

    Өтінімдер 2021 жылғы 17-28 қараша аралығында JastarOtanga21@gmail.com электрондық поштасына қабылданады

    Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

    Өзіңіз туралы жария ету мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.