Біздің студенттер – үздік!

Нұрсұлтан қаласы «BILIM-ORKENIETI» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен магистранттар, докторанттар, студенттер, қоғам белсенділері арасында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ-ҮЗДІК КӨШБАСШЫ-2021» атты республикалық байқау өтті. Байқауда республиканың түкпір түкпірінен келген жастар бақтарын сынады. Қарағанды қаласы «Bolashaq» академиясының қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының студенті Жаркеева Гүлдана Әділбекқызы Елтаңба авторы Жандарбек Мәлібековтың қолынан төсбелгі мен куәлік, бірінші дәрежелі дипломды қанжығасына байлады. Республика бойынша 383 қатысушы қатысқан бұл байқауда студентіміздің материалдары «Қоғам белсендісі – үздік көшбасшы – 2021» атты республикалық жинаққа шықты.


Әл-Фараби бабамыз айтпақшы Қазақ елінің ғылым мен білім саласы ақиқат пен адалдыққа негізделсе ғана тәуелсіздігіміздің тұғыры – берік, болашағы – баянды болары сөзсіз. Жаркеева Гүлдана Әділбекқызын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз. Биіктерден көріне беруіне тілектеспіз!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.