Қарашаның 01 жұлдызында Қарағанды обласы бойынша мектеп оқушылары арасында Республикалық зерттеу жобалар конкурсы өтті. Іс шара РҒПО «Дарын» меқтеб аясында өткізілді. «Bolashaq» академиясының атынан құқықтық және қаржылық пәндер кафедрасының менгерушісі Кабжанов Ақылбек Тайбулатұлы «Адам. Қоғам және Құқық» секцияның төрағасы ретінде қатысты.
Академия "Bolashaq"
19 қараша күні Қарағанды “Bolashaq” академиясында Ю-21-2, К-21-1, КР-21-1, ПМНО-21-2 топтарында философия ғылымдарының кандидаты, профессор Ф.Ф.Саттарованың ашық сабағы өтті. Ашық сабақтың тақырыбы: “Тәуелсіздік – саяси-рухани құндылық: тарих және қазіргі заман”. Ашық сабақтың мақсаты: студенттердің патриоттық сезімін, жүрегіндегі рухты ояту. Тәуелсіздіктің басты құндылық екенін түсіндіру. Сабақ барысында Шари Қымбат, Абишев Бақдаулет, […]
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі 2023-2025 жылдарға арналған жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға конкурс өткізетіні жөнінде хабарлайды. Конкурстық құжаттамаға сәйкес өтінімдер ғылымды дамытудың келесідей басым бағыттары бойынша қабылданады:?Су ресурстарын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін ұтымды пайдалану, экология;?Геология, минералды және көмірсутек шикізатын өндіру және қайта өңдеу, жаңа материалдар, технология, қауіпсіз бұйымдар […]
Аса қадірменді ардагерлер! Қымбатты аға буын өкілдері! «Bolashaq» академиясының ректораты, ардагерлер Кеңесі және ұжымы сіздерді 1 қазан – Қарттар күнімен шын жүректен құттықтайды. Біздің халқымыз қай уақытта болса да, жасы үлкен, тәжірибесі мол, өмірдің түрлі өткелдерінен өткен аға буын өкілдерін құрмет тұтқан. Оларды қадірлеп, қастерлеген. Себебі, кейінгі буын солардың өсиет, […]
14 қыркүйек күні «Bolashaq» академиясының қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушысы Смагулова М.С. және К-20-1 тобының студенттері Сәкен Сейфуллин атындағы драма театрында өткен Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты, актер-драматург Кеңес Жұмабековтің «Рақымжанның Қасымы» пьесасын тамашалауға барды. Қойылым қазақ поэзиясының көгінде жұлдыз болып жарқырап, әсем ән болып шалқыған Қасым ақынның туған жерін […]
Қазіргі күні сыбайлас жемқорлық деректерінің көптігі, қоғамның қай саласында болмасын белең алғандығы, әділетсіздіктің асқынып бара жатқандығы көкірегі ояу, көзі ашық әрбір зиялы азаматты бей-жай қалдырмасы анық. Қалыптасу үсітіндегі Жаңа Қазақстанның жаңа саяси бағыты сыбайлас жемқорлықты мемлекеттің іргесін шайқалтатын, ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп төндіретін қатердің қатарына жатқызады. Ол үшін баршамыз осы […]
12 қыркүйекте «Bolashaq» академиясының жастар ісі жөніндегі комитеті мәжіліс залында бірінші курс студенттерімен кездесу ұйымдастырды. Кездесудің мақсаты – оқу орнының табалдырығын кеше ғана аттаған жастардың студенттік өмірге бейімделуіне қолғабыс ету, көкейлеріндегі сауалдарға жауап беру. Академияның әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Райхан Налжигитовна бірінші курс студенттерін академияның соңғы жылдардағы жетістіктері […]
9 қыркүйекте Теміртау қаласында Шығыс-1 демалыс аймағының базасында мемлекеттік жастар саясаты саласындағы қызметкерлердің слеті өтті. Слет «AMANAT» партиясының «Jastar Ruhy» Жастар қанатының Қарағанды облыстық филиалымен бірлесіп ұйымдастырылды. Бұл слет МЖС іске асырудың қолданыстағы әдістерін жетілдіру, жаңа және инновациялық тәсілдерді іздеу, қызметкерлердің кәсіби біліктілігі мен құзыреттілігін арттыру мақсатында өтті. Аталған […]
9 қыркүйек күні «Bolashaq» академиясында Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығы облыстық филиалының басшысы, Башай Меруеш ханымның қатысуымен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды. Спикер халықтың әл-ауқатын арттыруға, экономиканы нығайтуға, әділ мемлекет құруға, заңның үстемдігін белгілеуге қатысты Мемлекет Басшысы Жолдауының маңызды ережелеріне қысқаша тоқталды. Сондай-ақ, спикер Президент ерекше назар аударатын […]
8 қыркүйек күні «DC Bolashaq» дебат клубының 2022-2023 оқу жылындағы алғашқы отырысы өтті. Клуб координаторы дебат клубының жұмыс жоспарымен бөлісті, сонымен қатар 1-2 курс студенттерінің арасында дебатқа қызығушылығы бар студенттер арасында «Жаңа Қазақстан студенттердің көзімен» тақырыбында іріктеу ойындарын өткізу керектігін айтты. Спикерлер кездесу барысында қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылады […]
?Достар, біз ТикТок роликтер конкурсын жариялаймыз! Достар, біз Tik Tok бейне байқауын жариялаймыз!Байқау жастар арасында синтетикалық есірткіні қолданудан туындайтын жағымсыз құбылыстарға тұрақты теріс көзқарасты нығайтуға ықпал ету мақсатында өткізіледі. ??Байқаудың ұйымдастырушысы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ қолдауымен «BIZ BIRGEMIZ» Жастар лигасы» ҚБ болып табылады. Байқаудың серіктестері Қарағанды облысындағы «Ассамблея жастары» […]
Құралбай Несіпбекұлы Меңлібаев есімі отандық білім саласына еңбек сіңірген, оның кемшінін бүтіндеп, көмбесін толтыруда ересен үлесін қосып жүрген азамат ретінде білім-ағарту саласында жүргендерге жақсы танымал. Талай жылдар академия ректоры ретінде қиындығы мол күрделі қызметінде аянбай тер төгіп, адал қызмет еткен Құралбай Несіпбекұлын 31 тамыз күні Академияның Ғылыми кеңесінде ұстаздық қызметте […]
Құрметті бірінші курс студенттері! Сіздерді «Bolashaq»академиясына оқуға түсулеріңізбен құттықтаймыз! Біз сіздерді студенттеріміздің қатарында қарсы алуға қуаныштымыз және сіздерді 1 қыркүйекте Білім күніне арналған жиында күтеміз. Жиын сағат 10: 00-де мына мекен-жай бойынша: Ерубаева 16/6 / акт залы