11 ҚАЗАНДА ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫ ГРАНТТЫҚ ҚАРЖЫЛАНДЫРУҒА АРНАЛҒАН КОНКУРС БАСТАЛАДЫ

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі 2023-2025 жылдарға арналған жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға конкурс өткізетіні жөнінде хабарлайды.

Конкурстық құжаттамаға сәйкес өтінімдер ғылымды дамытудың келесідей басым бағыттары бойынша қабылданады:
?Су ресурстарын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін ұтымды пайдалану, экология;
?Геология, минералды және көмірсутек шикізатын өндіру және қайта өңдеу, жаңа материалдар, технология, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар;
?Энергетика және машина жасау;
?Жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер;
?Агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуы және ауыл шаруашылығы өнімінің қауіпсіздігі;
?Өмір және денсаулық туралы ғылым;
?Ақпараттық, коммуникациялық және ғарыштық технологиялар;
?Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер;
?Білім және ғылым саласындағы зерттеулер;
?Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.