14 ҚАЗАНДА 2023-2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ЖОБАЛАР БОЙЫНША ГРАНТТЫҚ ҚАРЖЫЛАНДЫРУҒА КОНКУРС БАСТАЛАДЫ

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға конкурс өткізу туралы хабарлайды.

ҰБТ конкурстық құжаттамаға сәйкес өтінімдер ғылымды дамытудың мынадай басым бағыттары бойынша қабылданады:
?Табиғи ресурстарды, жануарлар мен өсімдіктер әлемін ұтымды пайдалану, экология;
?Геология, минералды және көмірсутек шикізатын өндіру және өңдеу, жаңа материалдар, технологиялар, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар;
?Энергетика және машина жасау;
?Жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер;
?Өмір және денсаулық туралы ғылым;
?Ақпараттық, коммуникациялық және ғарыштық технологиялар;
?Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі;
?Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер;
?Білім және ғылым саласындағы зерттеулер;
?Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс және мамандандырылған ғылыми бағыттар.

Конкурстық өтінімдерді қабылдау қоса алғанда 14 қарашаға дейін https://is.ncste.kz. сайтында жүзеге асырылады.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.