«Жаза тағайындау институтын жетілдіру: теориялық және практикалық аспектілер» онлайн семинарына қатысу

«Bolashaq» академиясы Құқық және қаржы пәндері кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы және «Құқықтану» білім беру бағдарламасының магистранттары ғылыми-зерттеу жұмысы аясында өткізілетін іс-шараларға белсене қатысады.

2022 жылдың 10 қарашасында профессорлық-оқытушылық құрам және магистранттар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі академиясының қылмыстық-құқықтық пәндердің ғылыми-білім беру орталығының ұйымдастыруымен өткен «Жаза тағайындау институтын жетілдіру: теориялық және практикалық аспектілер» семинарына онлайн форматта, «Мicrosoft Teams» платформасын пайдалану арқылы қатысты.

Ғылыми-практикалық семинар жоғары деңгейде өтті. Іс-шараның соңында қатысушылар сұрақтар қойып, тұжырымды жауаптар алды.

Біздің академиядан Құқықтану ББ -ның 1 курс магистранты Лилия Казанаева белсенді қатысты.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.