Біздің ЖОО-ға ОҚА және О.А. Байқоңыров атындағы ЖезУ-ден ауыстырылған студенттермен кездесулер өтті

Ағымдағы жылдың 2-4 ақпаны аралығында біздің ЖОО-ға Орталық Қазақстан академиясы Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінен ауыстырылған студенттермен кездесулер өтті. Келген студенттермен проректорлар, студенттерді қолдау қызметтерінің басшылары, кафедра меңгерушілері мен кураторлар кездесті.

Қызметкерлер жаңа студенттерге біздің академия туралы айтып, оқу корпустары, кітапхана және басқа да құрылымдар бойынша экскурсия өткізді. Жаңа студенттерді университеттің саясатымен және ішкі тәртіп ережелерімен таныстырды. Оларға “Bolashaq” академиясында оқу процесін, оның ішінде қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша ұйымдастыруды түсіндірді. Студенттерге ЖОО-ның Moodle және Platonus білім беру платформаларына кіру үшін логиндер мен парольдер таратылды. Балаларға сәттілік тілейміз. Олар ең қысқа мерзімде “Bolashaq”студенттерінің тату ортасына қосылады деп үміттенеміз.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.