“Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу” білім беру бағдарламасы бойынша Академиялық комитеттің жұмысы

“Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу” білім беру бағдарламасы Академиялық комитетінің жұмысы аясында 16.01.24 ж. “Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу” білім беру бағдарламасы бойынша Академиялық комитеттің онлайн отырысы өтті. Отырысқа Академиялық комитет мүшелері – Педагогика кафедрасының меңгерушісі – Абдрахманова А.С., оқытушылар Шалтаева Р. Ж., Асакаева Д.С., Жанысбаева Р. М., Алексеева Е.А., ДОВ 20-2 тобының студенті Әбіш Толғанай, балабақшалардың директорлары мен әдіскерлері – Александровская Н.И., Қарағанды қ. “Алтын сақа” КМҚК әдіскері, Бапахова Р. Ж. “Дарынды бала” ЖМ әдіскері, Обердерфер И.Ф. Шахтинск қ., “Салтанат” КМҚК директоры, Габайдулина Ю.А. Шахтинск қ. “Ботагөз” КМҚК директоры қатысты.

Академия оқытушылары “ДОВ” ББ элективті пәндеріне қатысты мәселелерді талқылады. Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтары практиктер тұрғысынан өз кеңестері мен ұсыныстарын берді. Сонымен, “Алтын сақа” КМҚК әдіскері Александровская Н.И. “Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі” пәніне баса назар аударуға кеңес берді.

Сондай-ақ, педагогтер студенттердің мектепке дейінгі ұйымның мониторингі мен құжаттамасын жүргізу қабілеті сияқты мәселелерге назар аударуды ұсынды. Академия педагогтары мектепке дейінгі ұйымдардың әріптестерінің ұсыныстары мен тілектерін назарға алуға шешім қабылдады.

Қазақстан Республикасының білім мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Академияда құзыретті және бәсекеге қабілетті мамандарды кәсіби даярлауды және білім мен ғылымды интеграциялауды қамтамасыз ету бойынша мақсатты жұмыс жүргізілуде.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.