Ынтымақтастық шеңберінде

2024 жылғы 10 қаңтарда Құқықтық және қаржы пәндері кафедрасының аға оқытушысы А.К. Ахметованың Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі директорының орынбасарымен кездесуі болып өтті.

Аталған іс-шара кафедраның 2023-2024 оқу жылына арналған кәсіптік бағдар беру жұмысы жөніндегі жоспарын іске асыру шеңберінде өткізілді.

Іс-шараның мақсаты: 1) оқу орындары арасында ынтымақтастық орнату (Жұмыс оқу бағдарламаларын құруды талқылау, колледж түлектері мен профессор-оқытушылар құрамын біздің академиямен таныстыру); 2) түлектерді “Bolashaq” Академиясының ресми сайтында өзекті және пайдалы ақпаратпен таныстыру (Талапкер парақшасы); 3) колледж түлектерін конкурстар мен олимпиадалардың ережелерімен таныстыру (“Жас заңгер-2024,” Жас педагог-2024″,” Тіл-қазына-2024″, “Жас педагог-2024 ” қазақ және орыс тілдерінде) және белсенді қатысуға шақыру.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.