Профессор Артықбаев Жамбыл Омарұлы туралы биобиографиялық көрсеткіш

“Болашақ-Баспа” редакциялық-баспа бөлімі “Жамбыл Омарұлы Артықбаев”биобиографиялық көрсеткішін шығарды.

Ұсынылып отырған көрсеткіш Қазақстан Республикасы әлеуметтік ғылымдар Академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің стипендиаты, “Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін” белгісінің иегері, тарих ғылымдарының докторы, профессор Жамбыл Омарұлы Артықбаевқа арналған.

Ж. О. Артықбаев қазіргі таңда Л. н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің “Археология және этнология” кафедрасында және “этникааралық қатынастар және Қазақстан халқы Ассамблеясының толеранттылық” ғылыми-практикалық орталығында жұмыс істейді. Л. Н. Гумилевтің өмірі мен қызметінің көптеген кезеңдері, оның ғалым тарихшы ретінде қалыптасуы, алғашқы шыққан кітаптар Қарағандыға, атап айтқанда “Bolashaq”академиясына байланысты.

Жамбыл Омарұлы Артықбаев Face Book бетінде оқырмандармен осы басылымның маңыздылығы туралы ой-пікірлерімен бөлісіп, “Bolashaq”академиясына алғыс білдіреді.

Жамбыл Омарұлы Артықбаев: биоблиографиялық көрсеткіш / құраст.: Э. Оразова, М. Нұрғазина / Жауапты. редактор Б. К. Сыздық. – Қарағанды: “Болашақ-Баспа” РИО, 2019. – 132 Б.

Мазмұны-Содержание-Сontent

Оқырманға

К-читателям

To-the-readers

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.