Үздіктердің үздігі -2021

2021 жылдың 30 желтоқсанында “Bolashaq” академиясында 2021 жылдың қорытындысы бойынша дәстүрлі ЖОО ішіндегі конкурста үздік қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті.

Номинациялар бойынша жеңімпаздарды анықтау бойынша конкурстық комиссия келесі құрамда анықталды: Ректор – Қ.Н. Меңлібаев (төраға), комиссия мүшелері: стратегиялық даму жөніндегі проректор – Г. М. Рысмағамбетова, ОӘЖ жөніндегі проректор – С. Б. Бекжанова, ҒЖ және ӘК жөніндегі проректор – Г. А. Қадырова, ӘТЖ жөніндегі проректор – Р. Н. Исмаилова, КБ басшысы – А. А. Құсайынова, кәсіподақ комитетінің төрайымы П.Т. Догалева.

Жеңімпаздарды анықтау кезінде номинанттың корпоративтік мәдениетті қолдауы, сондай-ақ 1 жылдан аз жұмыс істеген тұлғалар ескерілді.

“Жыл оқытушысы-әдіскері” номинациясы бойынша заң пәндері кафедрасының доценті Жукубаев А. А. жеңімпаз атанды.

“Үздік оқу контенті” номинациясының жеңімпазы – Шет тілдері жзәне МК кафедрасының аға оқытушысы Марышкина Т. В.

“Үздік куратор – эдвайзер” номинациясының жеңімпазы – “ПМНО” кафедрасының аға оқытушысы Байбекова В. А.

“Жұмыс берушілермен ынтымақтастықтың жоғары тиімділігі” номинациясы бойынша жеңімпаз – “ДОВ” кафедрасының аға оқытушысы-Таликова Г. Т.

“Жоғары ғылыми белсенділік” номинациясының жеңімпазы-кафедра доценті Шевякова А. Л.

“Студенттермен шығармашылық ғылыми жұмыс” номинациясы бойынша жеңімпаздар болып фармацевтикалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы – Темиреева К. С., жалпы білім беру пәндері кафедрасының профессоры – Саттарова Ф. Ф. танылды.

“Түлектермен өнімді қарым-қатынас” номинациясы бойынша жеңімпаз-заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы Копжасарова С. И.

“Жұмыстың жоғары жеделдігі” номинациясының жеңімпаздары – тіркеу бөлімінің басшысы Б. Б. Бекбашева, Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының зертханашысы А. М. Баймамырова.

“Барлық іске шебер” номинациясының жеңімпаздары-кадр басқармасының маманы М.М. Манкаева, екінші корпустың вахтері – О. Драпова.

“Кәсіби қызметтегі жоғары өнімділік” номинациясы бойынша жеңімпаз-академиялық мәселелер жөніндегі проректор-Бекжанова С.Б.

“Bolashaq” академиясының басшылығы барлық қызметкерлерге жұмысы, шығармашылық көзқарасы, жауапкершілігі үшін алғыс айтады және лайықты марапатымен құттықтайды!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.