Приозерск қаласы, Абай және Ақтоғай аудандарының мектептерімен кәсіптік бағдар беру жұмысы

2023 жылғы 9 ақпанда кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында Приозерск қаласы, Абай және Ақтоғай аудандарының 11 сынып оқушыларымен және олардың ата-аналарымен онлайн кездесу өтті. Іс-шараны Қарағанды облысының білім басқармасы ұйымдастырды. Кездесуге Ұлттық тестілеу орталығы филиалының директоры, Қарағанды қаласының барлық жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларының жауапты хатшылары, сондай-ақ мұғалімдер мен ата-аналар қатысты.

Жоғары оқу орындарының негізгі бәсекелестік артықшылықтары, білім беру бағдарламалары, оқыту нысандары туралы ақпарат ұсынылды. Кездесу барысында ЖОО мен білім беру бағдарламасын таңдау кезінде туындайтын мәселелер талқыланды. Оқушылар ҰБТ және өту балдары бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.