Бірінші курс студенттерімен кездесу

   12 қыркүйекте “Bolashaq” академиясының жастар ісі жөніндегі комитеті мәжіліс залында бірінші курс студенттерімен кездесу ұйымдастырды.
          Кездесудің мақсаты – оқу орнының табалдырығын кеше ғана аттаған жастардың студенттік өмірге бейімделуіне қолғабыс ету, көкейлеріндегі сауалдарға жауап беру.


   Академияның әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры  Райхан Налжигитовна  бірінші курс студенттерін академияның соңғы жылдардағы жетістіктері туралы хабардар етті. Сондай-ақ,  қоғамдық жұмыстарға белсене араласуы, студенттердің жан-жақты дамуына зор ықпал ететініне тоқталды .
   Сонымен қатар,  кездесуге академияның студенттік ұйымдарының көшбасшылары қатысты.  Ұйым  координаторлары студенттерге өздерінің студенттік ұйымдары туралы қысқаша ақпарат беріп, ұйымға мүше болуға шақырды.


       Іс-шара соңында студенттер Академиядағы үйірмелерге және алдағы іс-шараларға байланысты өздерін қызықтырған сұрақтар қойды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.