Президент Жолдауынан соң

2022 жылдың 9 қыркүйегінде “Bolashaq” Академиясының педагогика кафедрасының аға эдвайзері С. К. Мекадилова “Педагогика және психология” және “бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі” білім беру бағдарламаларының студенттерімен ҚР Президентінің Қазақстан халқына арнаған “ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ” Жолдауын талқылады.

Талқылау барысында Жолдаудың негізгі ережелері айтылды. Сонымен қатар, Самал Кемелбайқызы жаңа Қазақстан тұжырымдамасы мен Жолдаудың педагогикалық аспектілеріне тоқталды. Мұндай кездесулер жас ұрпақтың өміріндегі маңызды тәрбиелік сәт болып табылады. Ал еліміздің бүгінгі жағдайын көрсететін және алдағы кезеңге арналған міндеттерді белгілейтін Жолдауды талқылау көп ұлтты республиканың барлық азаматтары үшін маңызды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.