4 маусымда Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер күні атап өтіледі. 1992 жылдың маусымында тәуелсіз Қазақстанның жаңа Мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді.
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының Дк-20-1к тобының студенті Жаркеева Гүлдана барлығыңызды мерекемен құттықтайды.
![](https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2021/06/4a39c2fbc5aae6917f158a4362849528.png)
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.
Осы мерекеге орай азаматттық парызын орындап «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының күндізгі қашықтықтан оқыту – Дк-20-1к тобының студенті Жаркеева Гульдана Адильбековна құттықтау сәлемдемесін тарту етті. Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!