Олжас Сүлейменовтің 85 жылдығына арналған ашық кураторлық сағат

2022 жылдың 27 мамырында психология, педагогика және бастауышта оқыту әдістемесі кафедрасының эдвайзері Тажинин Азат Мырзабекұлы Олжас Сүлейменовтің 85 жылдығына орай ПжП білім беру бағдарламасының студенттерімен ашық кураторлық сағат өткізді.

Кураторлық сағаттың мақсаты: қазақ ақыны, тілтанушы, қоғам және саяси қайраткер Олжас Сүлейменовтың өмірбаянымен танысу, ақынның шығармашылығына және тұлғасына деген қызығушылыққа, ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілік пен сыйластыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Кураторлық сағат барысында қазақ ақынының өмірбаяны баяндалды, сондай-ақ студенттер Олжас Сүлейменовтің шығармашылығы, оның қоғамдық қызметке қосқан үлесі туралы мәліметтер дайындап, айтып берді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.