Жыл сайынғы студенттік және магистрлік ғылыми жұмыстар конкурсы

“Bolashaq” академиясында жыл сайынғы студенттік және магистрлік ғылыми жұмыстар байқауы өтеді.

Студенттер мен магистрлердің ғылыми-зерттеу жұмысы оқытудың ажырамас құрамдас бөлігі болып табылады, Бұл жұмыс болашақ мамандардың академияда алған білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын шығармашылық тұрғыдан іске асыру дайындығын қалыптастыруға жәрдемдеседі, ғылыми іздеу әдіснамасын меңгеруге, зерттеу тәжірибесін алуға көмектеседі.

Ғылыми зерттеулерге басшылықты Академияның профессорлық-оқытушылық құрамы жүзеге асырады және тікелей кафедраларда ұйымдастырылады.

МДжБО кафедрасынан жыл сайынғы конкурсқа ғылыми қызметке айқын ынтасы бар ең дарынды студенттер қатысады: Жұмажанова Н.А. (ғылыми жетекшісі – аға оқытушы Искакова Ж. А.); Жампеисова Л.С. (ғылыми жетекшісі – аға оқытушы Голомазова Е. А.); Баширова И.Р. (ғылыми жетекшісі – аға оқытушы Бондаренко В. В.)

15 ақпанда байқаудың екінші – жобаларды қорғау кезеңі өтті. Басшылардан оң пікір алған жобалар қорғауға жіберілді.

Байқау қорытындысы бойынша комиссия құрамына “Алтын сақа” балабақшасының әдіскері Бапахова Р.Ж., мектепке дейінгі және бастауыш оқыту кафедрасының доценттері Шалтаева Р.Ж., Бокижанова Г.К. және аға оқытушы Жанысбаева Р.М. кірді.

Сайыскерлердің дербес ғылыми ізденістері сайыстың талаптары мен Ережесіне сай болды. Студенттер ғылыми зерттеудің өзектілігін, мақсаты мен міндеттерін, оларға қол жеткізудің негізгі кезеңдерін, әдістері мен құралдарын, сондай-ақ жобаның даму перспективаларын баяндады. Зерттеу тақырыбы бойынша қазылар алқасының сұрақтарына жауаптар дәлелді және ғылыми негізделген.

Кафедра доценті Дино Бокижанова Г. К.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.