Барша әлем елдері сияқты біздің республика да үлкен өзгеріс, реформаларды өткеруде. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жаңа Қазақстанды қалыптастыруға қатысты міндеттері саяси, экономикалық, руханият салалары бойынша тың ізденістерге алғышарттар жасайды. Әр уақыт аясындағы басты талаптарға сай озат технология, инновациялық тәсілге негізделген ізденістер жүйесі «Bolashaq» академиясын рейтингтік көрсеткіште биіктетіп тұр. ҚҰТТЫ […]
Академия "Bolashaq"
⚜️Қоғамымыздың дамуы өскелең ұрпаққа берілетін біліммен тікелей астасып жатыр. ✨Ал оның мазмұны мен сапасы, адамның рухани-мәдени талаптарының қанағаттандырылуы алдымен білім беру ошағына байланысты. Жаңа заманның талабы да ерекше. Ол – озық технология??. НАОКО Ұлттық агенттік сайты еліміздің озық топ оқу орындары сайтының?тізімін жариялапты?. Қарағандының “Bolashaq” академиясының сайты ойып тұрып 1️⃣5️⃣-ші орынды иеленіпті??. Тынбай […]
2022 жылдың 19-20 шілдесі “Bolashaq “академиясының профессор- оқытушылар құрамы мен қызметкерлері жазғы демалыстарының бір бөлігін Балхаш қаласының Тораңғылық аймағында орналасқан “Айналайын” демалыс орнында өткізіп қайтты. Бұл Академия әкімшілігі тарапынан өте жоғары деңгейде жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын демалыс . Демалыс орны керемет жабдықталған, барлық жағдай қарастырылған. Асхана тағамдары […]
11-14 шілде күндері Ақмола облысының Зеренді ауылында Amanat партиясының Жастар Қанатының кезектен тыс VI съезі өтті. Еліміздің барлық облысынан 350-ден астам делегат пен қонақ қатысты. Аталған Съезге « Bolashaq» академиясының Ю-19-2 тобының студенті және «Bolashaq Студенттік Республикасы» Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Әбілжанов Әділет Бағдатұлы қатысты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев […]
Осы күндері бейіндік және ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистранттар қорытынды аттесттау сынағынан өтіп жатыр. Екі жыл бойғы алған білімдері мен ғылыми ізденіс жұмыстары сарапқа салынуда. Теория мен практиканы қатар салыстырып, уақыттың нақышына қарай қоғамға қажетті деген өз салалары бойынша тұщымды ұсыныстары мен тұжырымдарын жасауда. Бүгін 7М04202-«Құқықтану» білім беру бағдарламасының магистранттарының бір тобы […]
27 мамыр күні “Қазақ тілі мен әдебиеті” кафедрасының 4- курс студенттері білімді бағалау дайындық тестерінен өтті. Тест 3 пән бойынша жүргізілді. Студенттеріміздің дайындықтарының арқасында білім көрсеткіші жаман емес.
2022 жылғы 26 мамырдан бастап академияда ғылыми-педагогикалық бағытта білім алып жүрген магистарнттар қорытынды аттестаттау сынағынан өтуді бастады. Алғашқы кезек 7М01702-«Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының магистранттарына бұйырды. Қорғау көшінің алдыңғы легі болған соң, академия ректоры Құралбай Несіпбекұлы Меңлібаев қорғау жүріп жатқан оқу аудиториясына кіріп, магистранттарға сәттілік тіледі.Магистранттар екі жыл […]
2022 жылғы 16 мамырда Қарағанды қаласының «№15 ЖББМ» КММ мектебінің түлектерімен кәсіби бағдар беру жұмысы жүргізілді. «Психология, педагогика және бастауыш оқыту» кафедрасының аға оқытушылары Р.Н. Жапанова, Ж.А. Арунова 11 сынып оқушыларына «Bolashaq» академиясы туралы ақпарат беріп, бейнетүсірілім таныстырылымын көрсетті. Онда «Bolashaq» Академия өміріндегі Қазақстан жоғары оқу орындары арасында алатын орыны, […]
8-9 мамыр күндері Торайғыров университетінде «President CUP II» Республикалық пікірсайыс турнирі өтті. Турнирге Астана, Семей, Өскемен, Қостанай, Қарағанды, Атырау, Ақтөбе, Павлодарлық пікірсайысшылар қатысты. Аталған дебат турниріне «Bolashaq» академиясы атынан «Біз сұрақ қабылдамаймыз» және «В душе аға буын» фракциялары қатысты. Турнирдің мақсаты – Жастарды отансүйгіштікке баулу және шешендік-көшбасшылық мәдениетті қалыптастыру. […]
2022 жылғы18 мамыр күні Қасым Аманжолов музей-үйінде Түркі жазуы күніне және халық мұғалімі А.Байтұрсыновтың 150 жылдық мерейтойына арналған «Қазақ жазуы және түркі руханияты» атты зияткерлік сайыс өтті. Іс-шараға қазылар алқасына төрағалық еткен қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, профессор К.З. Сембиев қатысты. Сайыс қала, аудан білім бөлімдерінің қазақ тілі мен […]
12 мамыр күні М.О.Әуезов атындағы Орталық қалалық кітапханасында, «Балалар жылы» және Мұхтар Әуезовтың туғанына 125 жыл толуына орай эссе жазу байқауы өткен болатын. Эссе тақырыбы: «Қорғансыздың күні» әңгімесіне және «Қараш-қараш оқиғасы» повесіне талдау жасау. Аталған іс-шараға «Bolashaq» академиясының атынан қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының 2 курс студенті Оразхан Айкенже […]
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға мемлекеттік сапары аясында Қазақстан Үкіметі мен Түркия Үкіметі арасында білім беру саласындағы әріптестік туралы келісімге қол қойғаны белгілі. Білім саласы бойынша Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов екі ел келісімінің негізгі бағыттарын жария етті. Бұл бағыттар оқытушылардың, педагогтердің және білім беру ұйымдары басшыларының тәжірибе алмасуы, өзара […]
2022 жылдың 11 мамырында «Bolashaq» академиясының оқу корпусында қазақ тілі білім беру бағдарламасының К-18 тобында диплом жұмыстары, МК-20 тобы диссертациялық еңбектерін алдын ала қорғау жұмыстары өтті. Нәтижесінде бітірушілердің жұмыстары қанағаттанарлық деп саналып, қорғауға жіберілді.
11 мамыр күні «Батыр» спорт кешенінде «Bolashaq»академиясының студенттері мен оқытушылары арасында шағын футболдан турнир өтті. Аталған турнир Мәншүк Мәметованың 100 жылдығына орайластырылды. Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова (шын есімі Мәнсия) — 1922 ж., Орал облысы Бөкей Ордасы ауданы — 1943 ж. қазанның 16-ы — қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының Батыры (1944). […]