«DC Bolashaq» дебат клубының отырысы

  8 қыркүйек күні «DC Bolashaq» дебат клубының 2022-2023 оқу жылындағы алғашқы отырысы өтті. Клуб координаторы дебат клубының жұмыс жоспарымен бөлісті, сонымен қатар 1-2 курс студенттерінің арасында дебатқа қызығушылығы бар студенттер арасында «Жаңа Қазақстан студенттердің көзімен» тақырыбында іріктеу ойындарын өткізу керектігін айтты.

Спикерлер кездесу барысында қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылады және облыстық, республикалық жарыстарға дайындық жүргізу мақсатында Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің «ҚарМУ» дебат клубы және Қарағанды экономикалық университетінің «Birlik» дебат клубтарымен көрсетілім ойындарын ойнау жоспарда екенін жеткізді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.