1 – қазан Халықаралық қарттар күні

Аса қадірменді ардагерлер!

Қымбатты аға буын өкілдері!

«Bolashaq» академиясының ректораты, ардагерлер Кеңесі және ұжымы сіздерді 1 қазан – Қарттар күнімен шын жүректен құттықтайды. Біздің халқымыз қай уақытта болса да, жасы үлкен, тәжірибесі мол, өмірдің түрлі өткелдерінен өткен аға буын өкілдерін құрмет тұтқан. Оларды қадірлеп, қастерлеген. Себебі, кейінгі буын солардың өсиет, өнегесін эстафета ретінде қабылдап отыр. Біздің Академияда да талай ардагерлер жемісті еңбек етіп, жас буынға үлгі болуда.

Сіздерді, қымбатты ардагерлер, осынау айтулы мерекемен құттықтап, мықты денсаулық, жемісті еңбек, отбастарыңызға береке-бірлік тілейміз!

Мереке құтты болсын!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.