Облыстық кітапханада кезекті вебинар

30 қазан күні Гоголь атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада үшінші вебинар өтті. Шет тілдер және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының оқытушылары мен студенттері Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының Америка бұрышында ағылшын тілінде  қашықтықтан оқыту семинарына қатысты.

Білім беру вебинарлары жалпы атауы бар: “American English Live Series”.

Вебинардың барлық курсына келген тыңдаушылар ҚР АҚШ елшілігінен қатысушының электрондық сертификатын алады.

Осы семинарға қатысу мүмкіндігі үшін Америка бұрышына үлкен алғысымызды білдіреміз.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.