Отбасы және отбасы құндылығы

«Отбасы адамның жақсылық жасауға үйрететін ең бірінші әлеуметтік ортасы». Қазіргі қоғамдағы отбасылық құндылықтардың, жастардың бойында адамгершілік қасиеттердің жоғалуы, тәрбиенің төмендеуінің өте кең өріс алуы көрініс табуда.

Отбасы және отбасылық құндылықтар – кез келген адамның өмірі қалыптасатын ең маңызды іргетас. Тұлғаның қалыптасуы отбасында басталады. Отбасылық құндылықтар тұтас табиғаттың үйлесімді дамуы үшін қажетті дағдыларды қалыптастырады. Отбасы мемлекет өмірінде, жаңа ұрпақты тәрбиелеуде, қоғамдық тұрақтылық пен ілгерілеуде маңызды рөл атқарады. Өскелең ұрпақ бойында отбасы, отбасылық құндылықтар ұғымдарының мәнін ашу барысында педагогика кафедрасының аға оқытушылары Мекадилова С.К., Байбекова В.А. “Отбасы және отбасы құндылығы” тақырыбында 6В01101 – Педагогика және психология,  6В01301 –  Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі” ББ студенттерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.  Атаулы іс-шарада ПиП-20-2 тобының студенті Туребаева Т., ПиП-22-2 тобының студенті Асаинова М., ПМНО-22-2 тобының студенті Ошакбаева Д. баяндама жасады.

Студенттер өз ойларымен бөлісіп, белсенділік танытты.  “Kahoot” ойыны арқылы, “Кім жүйрік” сайысында мақал-мәтелдер айтумен сайысты.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.