“Біз таланттыларды іздейміз!” іріктеу сайысы

4 желтоқсан күні “Bolashaq” Академиясында талантты жастарды анықтау мақсатында “Таланттыларды іздейміз!” атты іріктеу сайысы өтті.Бұл жыл сайын өтетін “Дебют” сайысының орнына өткізіліп отырған жаңа іс-шара.

Сайыстың мақсаты – студенттерді академияның қоғамдық өміріне белсене араласуына мүмкіндік беру,өнерлерін жұртшылық алдында көрсете алуына жағдай жасау.

Іс-шараға 1-4 курс студенттері белсене қатысты.Ән, би, түрлі аспапта ойнау, актерлік шеберлік жағынан өз өнерлерін көрсетті. Нақтырақ айтқанда, ән жағынан академиямыздың белсенді студенті Оңдасынова Мадина, Ю-21-2 тобының студенті Дүйсембекова Венера қатысты. Аспапта ойнау шеберлігінен Фм-23-1 тобының студенті Казанцева Екатерина пианинода ойнап, Ю-21-2 тобының студенті Оралов Жанас гитарамен ән шырқап өнер көрсетті.

Актерлік шеберлік жағынан да талантты студенттеріміз жетерлік.Ин-21-1 тобының студенттері Шитова Екатерина және Терещенко Владлен актерлік шеберліктерін көрсетті.Белсенді студентіміз Оңдасынова Мадина би жағынан да қалыс қалмайтынын осы сайыста тағы бір мәрте дәлелдеді.
Сайыс соңында ЖІК Төрағасы Саликова Мадина белсене қатысқан студентерге алғыс айтып,алдағы болатын іс-шараларға белсене қатысуына шақырды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.