«Мемлекет пен қоғамның Тұжырымдамасын қабылдау аясындағы өзара іс-қимылының жаңа аспектілері» атты ҮЕҰ облыстық конференциясы

2019 жылдың 31 қазанында Достық үйінде Қарағанды облысының үкіметтік емес ұйымдарының “Слышающее государство “тұжырымдамасы аясында мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының жаңа аспектілері”атты облыстық конференциясы өтті.

Конференцияға облыс әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов, Қарағанды облысының Азаматтық альянсының президенті Гүлнар Құрбанбаева, сондай-ақ ҮЕҰ, саяси партиялар, кәсіподақтар, жоғары оқу орындары, мемлекеттік органдар өкілдері қатысты.

“Bolashaq” академиясын конференцияға әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Ахметова Ботагөз Телманқызы ұсынды.

Талқылау үшін келесі мәселелер ұсынылды: Қарағанды облысында консультативтік-кеңесші органдардың жұмыс істеу тиімділігін бағалау, Қарағанды облысының аймақтарында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру мәселелері.

Конференция қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданды.

БАҚ-та жаңалық оқу

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.