Абайды жаңаша танытқан ашық сабақ

Ағымдағы жылдың 22 қазанында қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Ермағамбетов Ерзат Молдабекұлы «Абайтану» пәнінен К-16-1 оқу тобына «Шәкәрім шығармаларында Абай Дәстүрінің жалғасы» тақырыбында ашық сабақ өкізді. Аталмыш ашық сабақтың мақсаты студенттерге замануаи білім мазмұнының әдістемелерін қолдана отырып Абайдың мол мұрасын насихаттау, Абайдың ақындық айналасы және де Абай шығармашылығының Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығына тинізген әсерін таныту. Ашық сабақ барысында аға оқытушы Ерзат Ермағамбетов көрнекілік құралдар, атап айтсақ интерактиві тақа, интернет, бейнебаян сонымен қатар диспут әдісін қолданып, жаңартылған білім мазмұнына сай өткізді. Ашық сабаққа академияның көптеген оқытушылары мен қызметкерлері қатысты. Филология ғылымдарының докторы, профессор Хамзин Мәуен Хамзаұлы «Сабақтың тақырыбы ауыр.

Бұл бір ғана сабақпен шектелер тақырып емес. Ал ашық сабақың өту барысы, студенттермен мәселелерді талқылап, оқытушы да, студенттер де актив болып қатысуы сабақтың көздеген мақсатына жетуі»-, деген ой айтса, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, филолгия ғылымдарының кандидаты, профессор Құрманғазы Зәкірұлы «Жаңартылған білім мазмұнына сай өткізілен бұл сабақ өзінің өзектілігімен құнды. Заманауи білім беру талабына сай келеді», десе Гүлжан Қадырқызы «Сабақ өте жоғары деңгейде өтті. Көрнекілік құралдар, сұрақтарды талдау, интерактивті тақтаны аса шеберлікпен қолданды. Бұл ашық сабаққа тек өте жақсы деген баға қоямын» деп түйін жасады.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.