6В01101 – «ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ» білім беру бағдарламасы бойынша 1 курс, ПжП-22-2 тобы студентерінің Оқу (таныстыру) практикасының қорытынды конференциясы

 №86 ЖББМ-да Қарағанды қаласы «Bolashaq» академиясының «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының 1курс студенттерінің  оқу (таныстыру) практикасы өтті. Оқу практикасы 23- қаңтар мен 03- ақпан аралығында өтті.

Практика мақсаты – студенттерді болашақ педагог-психолог мамандығына даярлаудағы негізгі кезең болып табылады, оны басты мақсаты: болашақ қызмет саласындағы педагог – психолог жұмысының міндеттері мен мазмұнымен таныстыру, академияда теориялық және практикалық курстарды оқыған кезде қалыптасқан кәсіби құзыреттіліктерді кеңейту және бекіту. Болашақ педагог – психологтің практикалық қызметінің нысаны психологиялық- педагогикалық әлеуметтік құбылыстар, оқушылардың тәртібі мен оқу – тәрбие саласында айқындалатын процестер, құбылыстар.

№86 ЖББМ 2012 жылы ашылған. Орыс тілі және қазақ тіліне мамандандырылған. Мектеп бойынша оқушылар саны – 1340, ұстаздар саны – 105.

Практиканың алғашқы күні студенттер мектеп әкімшілігімен, яғни директоры Асамиданова Гүлдана Ибрайкеновна және оқу бөлімінің меңгерушілері: Айгүл Бейназаровна, Жанар Казиевна  және  тәрбие ісінің меңгерушілері: Бақыт Қалдаевна,Сәкенова Тазагүл есімді мамандарымен танысты. Мектептің ішінде толық экскурсия өткізілді. Қазақ тілінен мамандандырылған педагог-психолог Толғанай Раушан  және орыс тілінен мамандандырылған педагог-психолог Карина Самаловнамен танысты.

Жалпы студенттерге, мектептегі педагог-психолог кіммен жұмыс жасайтыны және де қалай жұмыс жасайтыны жайлы толық ақпарат ұсынды. Мектептегі педагог-психолог тек балалармен ғана жұмыс жасамайды сондай-ақ ата-аналармен балалардың қарым-қатынасын, ұстаздар арасындағы  қарым-қатынасты, және де  ұстаздар мен ата-аналардың арасындағы қарым-қатынасты түзеуге және де бекітуге өзінің үлесін қосады. Қазіргі өзгерістерге байланысты мектептегі педагог-психолог ата-ананың жазбаша рұқсатынсыз ешқандай жұмыс жасай алмайды. Сондай-ақ ата-аналар педагог-психологқа келіп баласымен жеке жұмыс жасауын сұрай алады. Педагог-психолог баламен бір жыл аралығында жұмыс жасау үшін, жылдың басында және ортасында ата-аналардан жазбаша рұқсат  қағазын алуға міндетті. Егер ата-ана баламен психологтың жұмыс жасағанын қаламаса, рұқсат бермеуіне болады.

 Педагог-психолог негізгі 4 бағытта жұмыс жасайды, олар:  психодиагностикалық бағыт, психологиялық алдын-алу, психологиялық кеңес беру, психологиялық түзету және дамыту, яғни коррекциялық жұмыс. Студенттер қазақ тілінен мамандандырылған педагог-психолог Толғанай Раушанмен практика жоспарын талдады, яғни жоспармен танысып, практика аралығында қандай материалдармен жұмыс жасау керектігі жайлы толық ақпарат алды.

Практика жетекшісі Сабира Сартаевна практика барысында іскерлік ұсыныстар мен кеңестерді қолдана отырып, студенттерге уақытылы ақыл-кеңес беріп отырды.

Студенттер іс- тәжірибе уақытында жүктелген міндеттерді сапалы және тиянақты орындағандары үшін марапатталды.

Алған тәжірибелеріне қорытындылай келетін болсақ, мектептегі педагог – психологтың жұмысы өте қызықты әрі жауапты. Алайда бөлінетін сағаттары өте аз болғандықтан балалармен жұмыс жасауы қиынға соғады.

Студенттердің есепті қорғау нәтижелері қалыптасқан баллдық-рейтингтік бағалау жүйесімен дифференциалдық сынақпен бағаланды.

6В01101 – «ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ» білім беру бағдарламасы бойынша 1 курс, пип-22-2 тобы студентердің «Оқу (таныстыру) практикасы

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.