Педагогикалық практика өтудемін

Мен, Картабаева Гульнур Серикбековна Қарағанды қаласы «Bolashaq» академиясының «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 4 курс студентімін.

30.01-15.05.2023ж аралығында Қарағанды қаласы, Бұқар-Жырау  ауданы, Ботақара кенті “Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы қазақ тірек мектебі (Ресурстық Орталық)” КММ мектебінде педагогикалық практикадан өтемін.

Практика барысындағы алғашқы күнімді “Оқушы мен ұстаз арасындағы тығыз байланыс” деп атадым.  Педагогика ғылымында адам-қоғамның басты құндылығы. Сонымен қатар жеке адам танымы, қарым-қатынас пен шығармашылықтың субъектісі ретінде беріледі. Мен мұғалім мен оқушы арасындағы оқушының тіл мәдениетін, рухани дамуын сонымен қатар сөйлеу мәнерін ескере отырып, алғашқы  сабақты    ’’Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынаc” тақырыбында өткіздім. Сабақ өте тартымды өтті, бірақ алғашқы сабақ болған соң, жетекшімнен біраз ескертпелер алдым және алдағы  уақытта ескертулерді дұрыстау бойынша   жұмыс жасаймын.

Александр   Македонский ’’Ұстазы жақсының, ұстанымы жақсы’’ деп айтқандай  оқушымен жылы, әрі тығыз байланыста болып, баланың дұрыс жолды тандап, жеке ұстанымдарын ұстануына ықпал етуіміз  керек.

Қарағанды қаласы, «Bolashaq» академиясы,

К-19-1 тобының студенті Картабаева Гульнур Серикбековна

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.