КӘСІПТІК БАҒДАР ЖҰМЫСЫ

2023 жылдың 3 сәуірінде Қарағанды қаласының  Қазыбек би  ауданына қарасты «Қарағанды Гуманитарлық жоғары колледжінде» кәсіптік бағдар беру  жұмысы бойынша «Bolashaq» Академиясының қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Б.А.Абылбаеваның  қатысуымен «Ұстаздық жолдан тәжірибем» тақырыбында кездесу өтті. Колледж тәлімгерлерімен кездесіп, сұхбаттасу барысында мамандық таңдау басты жауапкершілік екеніне тоқтала отырып, қазақ тілі мен әдебиеті білім бағдарламасы жайлы кеңінен   тың ақпарат берілді. 

Қазақ тілі әдебиеті кафедрасының жетістіктері, студенттердің өмірі, жеңілдіктер, мүмкіндіктер  жайлы да сөз қозғалды.

Оқу орнына жергілікті жерлерден талапкерлер тарту мақсатында «Bolashaq» академиясына оқуға түсудің ережелерін және жеңілдіктер туралы айтып берді. Колледж шәкірттері өздерін толғандырып жүрген сұрақтары бойынша толық мәліметтер алды. Кездесу барысында «Bolashaq» академиясының негізгі бәсекелестік артықшылықтары, білім беру бағдарламалары, оқыту нысандары туралы ақпарат ұсынылды,  академия өмірі туралы мәліметтермен таныстыратын буклеттер таратылды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.