Байқауға қатысуға шақырамыз

Қарағанды облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының “Қоғамдық келісім” КММ – сі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделі – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевқа арналған үздік ғылыми жоба таңдалатын облыстық байқауға қатысуға шақырады.

Конкурстың негізгі мақсаты – бейбітшілік және келісім идеяларын жинақтауға бағытталған ғылыми зерттеулерді дайындау контекстінде ғалымдар, сарапшылар, докторанттар мен магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын қолдау болып табылады.
Міндеттері:

  • Ғылыми қоғамдастықты қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделі – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевты зерделеуге және ілгерілетуге тарту;
  • қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясат саласында талантты жас ғалымдарға және сарапшыларға қолдау көрсету;
  • қоғамдық келісім мен қазақстандық бірегейлілікті нығайту мақсатында оқу-әдістемелік құралдар мен ғылыми әзірлемелерді жариялауға ықпал ету.
    Конкурс бағыттары:
    * Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдық мерейтойы: жетістіктер, тәжірибе және сын-тегеуріндер;
    * Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жаһандық бастамалары контекстіндегі бейбітшілік пен келісім идеясы;
    * Қазақстан халқы Ассамблеясы этносаралық және конфессияаралық бірлік пен келісімді нығайту және дамыту институты ретінде;
    * Қазақ зиялыларының ұлттық мемлекеттілікті қалыптастыруға қосқан үлесі;
    * Ядролық қарусыз әлемге жол. Экологиялық қауіпсіздік және «Таза табиғат» әлеуметтік бастамасы.
    Конкурсқа Қарағанды облысының 35 жасқа дейінгі жас ғалымдары, докторанттар және магистранттар, ғылыми-зерттеу орталықтарының қызметкерлері мен қоғам қайраткерлері қатыса алады. Әрбір ізденуші бір бағыт бойынша ғана өтінім бере алады.
    Қорытынды жұмыстардың нәтижесінде іріктелген жобалардың ішіндегі ең үздік үш жоба республикалық байқауға жолданады.
    Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі. Үздік жұмыстар дипломдармен марапатталады.
    Конкурсқа қатысу өтінімі 2021 жылдың 01 шілдесіне дейін кешіктірілмей kelisimank@gmail.com поштасына жіберілуі тиіс.
    Жұмыстың баспа нұсқасы – Шахтерлер даңғылы, 64, Достық үйі, 104 кабинетінде қабылданады. Байланыс телефондары: 8 (7212) 900-329, 8 (7212) 900-309, 8 778 009 24 45, 8 701 479 96 49, 8 708 856 55 36.
    Конкурсты қорытындылау 2021 жылдың тамыз айында Достық үйінде жеңімпаздар деп танылған ғылыми жобалар тұсаукесері тұрпатында өткізіледі. Күні мен уақыты қосымша хабарланады.
    Толыққанды ақпарат алу үшін конкурс Ережесімен танысып шығуларыңызды өтінеміз.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.