“Магистрлік оқулар-2021” аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

2021 жылғы 19 наурызда “Bolashaq” академиясында “Магистрлік оқулар-2021” өңірлік ғылыми – практикалық конференциясы өтті.


«Bolashаq» академиясында ерекше күн өтті. Ғылым туының желбіреген күні.

Жақсылықтардың да тоқайласып келетіні бар. Магистратурада білім алудың екі жағы бар, бірі – оқу процесі болса, екіншісі – ғылым жағы.

Академияның ғылыми жұмыстар мен халықаралық әріптестік бойынша бойынша проекторы, тарих ғылымының кандидаты, профессор Хамит Күреңтайұлы Оразбаев конференцияны ашық деп жариялап, сөз кезегін жас ғалымдар төрағасы Кәмила Талғатқызы Ибрахимоваға беріп, конференция жұмысына сәттілік тіледі.

Магистранттар өздерінің таңдаған ғылыми тақырыптары бойынша ең өзекті деген ойларды ортаға салды.

Әз-Наурыз қарсаңында жыл сайын өтетін «Магистрлік оқулар» атты ғылыми-практикалық конференциясы өзінің нақышымен өтті.

МК- 19-1 тобы Тусупханова Бану. Ғылыми жетекшісі : профессор Сембиев Қ. З.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.