«BOLASHAQ» АКАДЕМИЯСЫНДА ҰБТ-ҒА (МАУСЫМ) ӨТІНІШ ҚАБЫЛДАУ ТУРАЛЫ (грант үміткерлеріне)

ҰБТ (маусым) тапсыруға өтініш 2020 жылдың 20 сәуір мен 10 мамыр аралығында қабылданады.

Ел аумағында 2020 жылдың 01 мамырына дейін енгізілген Төтенше жағдайға байланысты карантин аяқталғанға дейін Ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініштерді қабылдау 20 сәуірден бастап «қашықтықтан-онлайн» түрінде жүреді. Одан басқаша, түсуші http://ent2020.testcenter.kz сайты арқылы ҰБТ-ға алдын ала өтінішті (тіркеуден өткеннен кейін мүмкін болады) өзі бере алады. Тестілеу бағасы – 2242 теңге.

ҰБТ-ға орта білім беру ұйымдарының өткен жылғы бітірушілері мен техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері өтініш жасай алады.

Төменде қабылдау комиссиясының жауапты хатшысының (ЖХ) байланыс телефоны (WhatsApp бар) және электронды поштасы келтірілген.

ЖХ жұмысы келесі түрде жүреді:

– ЖХ құжат тапсырушыға барлық жағдайды түсіндіріп, “WhatsАpp” мессенджері арқылы немесе электронды поштаға сурет түріндегі не болмаса Pdf форматтағы барлық қажетті құжаттарды қабылдап алады (аттестат немесе диплом, ҰБТ ақысы төленген квитанция және т.б.);

– әрі қарай ЖХ бұл абитуриентті ТҰО (НЦТ) порталына тіркейді;

– тіркеліп болған соң, абитуриентке мессенджер арқылы анықтама мен ҰБТ-ға өтінішті жібереді;

– абитуриент өзінің жеке басы туралы мәліметтерді, ҰБТ тапсыру тілін, колледж түлегі қысқартылған оқу түрі бойынша грантқа үміткер ретінде міндетті түрде өзінің мамандығының дұрыс жазылғанын тексеріп шығады;

– қате табылған жағдайда ЖХ қатені түзеп, абитуриентке қайта жібереді;

– абитуриенттің мақұлдауынан соң ғана ЖХ барлық мәліметтерді сақтайды. Содан кейін абитуриентке ҰБТ рұқсат қағазы туралы қосымша мәлімет береді.

ТЖ режимі алынғаннан кейін ЖОО-ға түсуші келесі құжаттарды тапсырады:

1) өтініш (ЖОО-да беріледі);

2) 3 x 4 көлемдегі екі фотосурет;

3) орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі туралы құжат (түпнұсқа) немесе Анықтама қағазы;

4) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

5) электронды нысандағы 086-У нысандағы медициналық анықтама.

Байланыс мәліметтері:

Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Қалдыбаева Айгүл Құдайбергенқызы

Тел.: 8-700-305-02-09 (WhatsАpp бар);

Адрес эл.почты: opr_bolashak@mail.ru

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.